Амантай қажы Асылбек президенттіктен үміткер ретінде өз атын ұсынды



63 жастағы Амантай қажы Асылбек "Аттан-Қазақстан" ядролық қаруға қарсы майдан және бүкілқазақстандық Бейбітшілік маршының жетекшісі. Ол "Семей-Невада" қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі болып табылады.
Амантай қажы 1998-жылдың қазан айында Қазақстан президенттігінен үміткер ретінде өз атын ұсынған. Алайда, Жаңатас және Кентау қаласы тұрғындарын қорғау мақсатындағы рұқсат берілмеген митингіге қатысып, әкімшілік құқықты бұзғаны үшін оны үміткер ретінде тіркеуден бас тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті