Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ол түрлі тастармен көмкерілген қызыл қалпақтың тарихын айтты.
Соңғы кездері көп көрінбей кеткен Амантай қажы тәуелсіздік күнінде ерекше бас киімімен көзге түсті. Аса таяғын тастамайтын, үнемі ақ шапанмен жүретін қоғам белсендісі бұл жолы бас киімін өзгертіпті.
Түрлі тастармен, оюлармен көмкерілген қызыл қалпақты оған қажылықта жүргенде сириялықтар тарту етіпті. Оның айтуынша, бұл қалпақты анау-мынау емес Сирияның патшалары мен шаһтары киген екен.
Бұл бас киімді маған Меккеде берді. Сирияның шаһтары киген қалпақ. Шапаны үйде жатыр, - дейді Амантай қажы.