Басылымның жазуынша, 2006 жылы Әмен ағаның жеке мұрағатындағы құжаттары Алматы қаласы Орталық мемлекеттік мұрағатына тұрақты сақтауға қабылданған. Онда суреттерге жан бітірген, қазақ тіліндегі тұңғыш мультфильмінің алғашқы сызба нұсқасы да бар. Сонымен қатар, майдан даласынан артындағы жалғыз қарындасы Райханға жазылған үшбу хаты мен сол сұрапыл күндер туралы естелік қолжазбасы мұрағаттағы құнды құжатқа айналған.