Америка елшіліктерінде виза берумен техникалық проблемалар туындады


«Қазіргі кезде АҚШ елшілігі мен консулдықтары бүкіл әлем бойынша виза беруді, ақпарат алу және жіберуді кешеуілдетуі мүмкін техникалық қиындықтарға кезікті», делінген АҚШ-тың Мәскеудегі елшілік сайтындағы бүгінгі хабарламада.
«АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігінің консулдық бөлімі қалыпты режімде жұмыс істеп жатқанына қарамастан, қазіргі кезде несие картасы бойынша төлем қабылдау мүмкіндігі жоқ», - дейді дипөкілдіктегілер.