Америка киноакадемиясының құрамы «Оскар» үміткерлеріне қатысты дауға байланысты өзгереді

Америка киноакадемиясының президенті  Шерил Бун Айзекс осындай мәлімдеме жасады.  

«Бұл күрделі әрі маңызды мәселе. Бәрін өзгертетін уақыт келді. Академия өз мүшелерінің құрамын өзгерту үшін түбегейлі қадам жасайтын болады», - деп хабарлады Айзекс.

«Оскар» сыйлығының иегерлері 28 ақпанда белгілі болады. 88-ші салтанатты рәсім «Долби» театрында өтеді. Оны әлемнің 225 еліне ABC  телекомпаниясы тікелей эфирде көрсетеді.