Қадырбаев сотта кінәсін толық мойындаған. Осылайша, жазасын жеңілдетуді көздеген еді. Бірақ судья оның өз ісіне өкініш білдіргеніне қараған жоқ. Шетелге оқуға кетіп, құқық қорғау орындарының құрығына ілінген Қадырбаев енді 6 жылын темір торда өткізуі тиіс. Ал лаңкес Царнаевтың сыбайласы деп айыпталған екінші отандасымыз – Азамат Тәжияқовқа қатысты соңғы шешімді сот алдағы жұмада қабылдайды деп күтілуде. Айта кетсек, мұның алдында алқа билер Тәжияқовты 20 жылға кескен болатын. Еліміздің АҚШ-тағы өкілдері енді Диас Қадырбаевтың тергеу абақтысында жатқан уақытын есептетіп, жазасын өтеу мерзімін қысқартуға күш салмақшы.
Алтай Әбиболлаев, ҚР СІМ ресми өкілі:
-Жақсы тәрбиесімен, жақсы іс-қылығымен көрсететін болса, жыл сайын 15 пайызға оның отыратын уақыты қысқарып отырады. Сондықтан, біздің есептеуімізше Қазақстан азаматы Диас 2021-ші жылға дейін емес, одан ертерек босатылып, елге оралуы ықтимал.
Loading...