Америкада бұрын-соңды жаумаған қар ондаған адамның өмірін қиды


Бұл жауын-шашынның жылдық мөлшерімен пара-пар. АҚШ-та тұрғындардың көбі үйінен шыға алмай қалса, кейбіреулер көліктеріне қамалған. Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо аймақта төтенше жағдай жариялады. Көшелердің қарын тазалауға арнайы күш жұмылдырылуда. Мамандардың айтуынша, қаза болғандардың көбінің аулада жедел қимылдап, қар күреп жүргенде қан қысымы көтеріліп кеткен.