Сондықтан Бостон соты 5 күнге үзіліс жариялап іріктеуді қайта жүргізуді ұйғарған. Әзірге төрелік ету тізіміне - 1350 адам алынған. Ертеңге дейін соның 60-ы ғана қалмақ. Соның ішінен 12-сі негізгі, тағы 6-ы қосымша алқа би қатарына алынады деп күтілуде. Ал процестің басталуы 26-шы ақпанға белгіленіп отыр. Егер Царнаев кінәсін мойындамаса, тыңдалым 3-4 айға дейін созылуы мүмкін. Айта кетейік, бұл сотқа Жохардың сыбайластары деп айыпталып отырған қос қазақ студенті – Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев куәгер ретінде қатыстырылмақ. Ал Царнаевтың өзіне 30 бап бойынша айып тағылған.
Loading...