Америкада оқып жатқан қазақ студенті жол апатынан қайтыс болды

16 жастағы Тим Бекшентаев хоккей жаттығуынан соң, бірнеше бала болып досының көлігіне мінеді. Жолшыбай жүргізуші рөлге ие бола алмай бірнеше рет аударылып ағашқа соғылыпты. Бекшентаев сол жерде көз жұмған. Дене жарақаттарын алған қалғандары аман. Қыршын кеткен жеткіншек ағылшын тілін жетік білгендіктен АҚШ-қа "Flex" бағдарламасы бойынша оқуға түскен жалғыз өскемендік оқушы екен. Отанына табытпен оралатын бауырының денесін әкелу үшін Американың Фредерик қаласына Тимнің туған ағасы ұшып кетті.

Нұржан Айтмаханов,ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

-Марқұмның туыстары Сыртқы істер  министрлігіне мәйітті елге  қайтаруға көмектесуді сұрап өтініш жасады. Әрине, өтінішті орындаймыз. 

Loading...