Америкада қамауда жатқан отандастарымыздың соты тағы шегерілді

Жерлестеріміздің бірі - Диас Қадырбаевтың адвокаттары бұл шешіммен келіссе, Азамат Тәжияқовтың ата-анасы мұндай ұзақ үзіліске үзілді-кесілді қарсы. Айта өтейік, отандастарымызға ағайынды лаңкестер Царнаевтарға қол ұшын созды деген  айып тағылуда. Бостон марафонындағы сол жарылыста 4 адам қаза тауып, 200-ден астамы жараланған болатын. Азаматтың кінәсіздігіне сенімді адвокаттары істі енді созбалаңға салуға негіз жоқ деп, сотқа сақадай сай екенін айтып отыр.


Әмір Исмағұлов, Азамат Тәжияқовтың әкесі:

-Біз оған қарсымыз. Ертең Азаматтың адвокаттары сотта өздерінің графигін береді. Ол график бойынша алқа отырысының соты шілдеде болуы керек, 2014-ші жылдың. Ол 1-2 апта болып, содан кейін ол бітуі керек.