Иоган Меркельдің айтуынша, алдымен сол Тәжияқов пен Қадырбаевтың өздері келісім беруі керек. Экстрадиция мәселесін көтеру басқаша мүмкін емес екен. Қазір қос қазақ студенті үкіммен келіспей, апелляциялық арыз жазып жатыр. Егер одан жеңе қалса, ақталып, тіпті оқуын АҚШ-та қайта жалғастыра алады.
Иоган Меркель, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
-Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаевты елге қайтару үшін алдымен олар өз келісімдерін беруі керек. Және ең бастысы АҚШ тарапы да сотталғандарды экстрадициялауға рұқсат етуі қажет. Сонда ғана жазасын отанында өтейтін болады.
Loading...