Америкада сурет салатын ешкі жергілікті жұлдызға айналды -

Жануарлар бағының қызметкері Кристин Райт ешкіге сурет салуды үйреткен және оның бұл мүмкіндігін дамытуға ниетті екенін айтты. Келушілердің көбі  Бодидің талантына тәнті. Олар ай сайын ешкінің бұл ерекше қабілеті дамып келе жатқанын айтады, деп хабарлады Mignews.

Жануарлар бағының менеджері  Линн Тупа  сурет салатын Боди «таңғажайып құбылыс» екенін айтты. Кристин бояуды араластырып, тиісті түсті таңдап, оған бояу жаққышты малып, Бодидің аузына салады, ары қарай ешкі қалауынша сурет салады.