Тегі жоқ, бұл бүлдіршіннің тек аты ғана бар. Азамат. Туған анасы перзентханада-ақ табанын жалтыратқан.
-Мынау не суретте?
-Сәбіз.
-Ал мынау не?
-Банан.
-Мынау суретті айта ғой?
-Картоп...
Азамат сырт көзге сау көрінгенімен, бала сырқат. Туа бітті миының ақауы бар. Әлсізденіп, кейде тәлтіректеп қала береді. Бірақ, кеселі мен кемшілігі бола тұра Орынбаевтар әулеті жетімді бір көргеннен-ақ еміренген.
СНХ: Зүлфия Орынбаева, АҚШ азаматы:
-Көргеннен бастап осы бала біздікі деген сезім болды. Қыздарым да, тезірек келсе де күтіп жүр.
Бірақ, бір кінәрәт. Қос-қостан қымбат көлігі, қос қабатты зәулім үйі болса-дағы Орынбаевтарға Азаматты асырап алуға рұқсат жоқ. Оған себеп – Америка азаматтығы.
Зүлфия Орынбаева, АҚШ азаматы:
-Қазақстан жағынан америкалық азаматтарына тыйым салынуы жүректі ауыртатын жағдай болып тұр. Американың азаматтары болғанымызбен қазақпыз. Керек болса, жолдасым, қыздарым Семей жақтың адамдары, наймандар. Сондықтан Қазақстан бөліп-жармай мәселені шешіп берсе.
Азаматқа аңсары ауған АҚШ-тағы қазақ отбасы тіпті баланы емдеуге емхана да тауып қойыпты. Тегін берген күні шетелдегі ең қымбат емханада емдетпек. Халық қалаулары да мұхиттың арғы жағалауындағы ата-ананың тілегін қолдап отыр. Ол үшін тек мораторийді өзгерту керек.
Мұхтар Тінікеев, Мәжіліс депутаты:
-Бұрынғы Қазақстан азаматтарына бала асырап алу мүмкіндігін беру керек деп ойлаймын. Себебі, менталитетіміз бірдей. Басқа шетелдік азаматтар баланы ұрды екен деп, өзіміздің қандастарымызды бала сүю бақытынан айыру менімше дұрыс емес. Рұқсат беру қажет!
-Бір жаманның кесірі мың кісіге машақат. Қазақтың қос жетімін 5 жыл бойы зорлап келген Мэйоттардың масқарасынан соң, АҚШ азаматтарына елден бала асырап алуға үзілді-кесілді мүлдем тыйым салынған. Тек Орынбаевтар отбасы қаны қазақ болған соң, мораторийды бұзып, 3 жасар Азаматтың ата-анасы болуға сұранып отыр. Миында сырқаты бар баланы туа салысымен анасы тастап кеткен екен.