Бұл туралы Калифорния штатындағы Плейсер округі шерифінің кеңсесіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Плейсер округі шерифі кеңсесінің коронавирус бойынша денсаулық сақтау қызметі және бөлімшесіне желтоқсанның соңында COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен адамның қайтыс болғаны туралы хабарлама түсті. Ол 2021 жылдың 21 қаңтарында қайтыс болған. Соған дейін бірнеше сағат бұрын COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған", - делінген кеңсенің Facebook желісіндегі парақшасында.
Қайтыс болған азамат вакцинаны округтің денсаулық сақтау департаментінде салдырмаған.
Мекеме мәліметінше, әзірге өлім себебі туралы айтуға ерте. Қазір жергілікті, федералды және штат деңгейінде тергеу жүріп жатыр.
Fox телеарнасының мәліметінше, вакцина қай компанияға: Modern немесе Pfizer-ге тиесілі болғаны белгісіз.