Америкалық Ребекка Сони Лондондағы Олимпиадада 200 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден әлем рекордын жаңартты


Спортшы жартылай финалда 2 минут 20 секундтық көрсеткішті көрсетті. Бұл олимпиадалық жетістікпен қатар жаңа әлем рекорды болды. Бұған дейін ең үздік нәтижені канадалық спортшы Аннамэй Пирс 2009 жылы Римде орнатқан болатын.