Америкалық шерифтердің үлгісінде жұмыс істемек

Бұл тәсілді АҚШ-та «Мирандо ережесі » деп атайды. Енді біздің елде қолданылуы тиіс. Соған сәйкес ұсталған күдіктіге полиция ғана емес, тергеуші тіпті сарбаздарға дейін құқығын түсіндіріп беруі керек. Кінәсі нақты айғақтармен дәлелденбей темір торға да тоғыта алмайды. Америкалық шерифтердің тәсілі жаңа қылмыстық кодекске енгізілмекші. Мәжіліс бектітіп берсе, құжат келер жылдан бастап күшіне енбек. Сондай-ақ, Бас прокуратура тергеушіге бар шындығын бірден мойындағандардың жазасын жеңілдету жағын да қарастырып жатыр екен.


Иоган Меркель,
ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Бұзақы қолға түскенде күдікті ретінде саналады. Ал полиция оған алдымен 15 түрлі құқығын жатқа айтып беруі керек. Болмаса, құқықтары жазылған заңды оқытып қол қойдырып алуы тиіс. Тәртіп сақшысы осының бірде бірін орындамаса, айып мүлдем алынып тасталады.