Америкалықтар Тәжікстанда теракті болу мүмкіндігін ескертті

Мұндай ескерту 9 қарашада АҚШ-тың Тәжікстандағы елшілігінің ресми сайтында пайда болды. Хабарламада елшілік алған ақпараттарға сәйкес, террористік топтар адам көп шоғырланған жерлерде шабуылдар жасап, Ауғанстан шекарасынан өтуді мақсат етіп отыр делінген.

Елшілік бұл ескертудің тек Тәжікстанға ғана қатысы бар екенін еске салған.


Елшілік сонымен бірге Тәжікстанда тұратын америкалық азаматтарға Ауғанстанмен шектесетін аймақтарда кешкі уақытта жүрмеуге шақырды.