Рульде америкалық Monster Jam бигфут жарысының 11 дүркін жеңімпазы Том Минтс болды.
Бұған дейін Минтс өз автомобилінде екі рет кері сальто орындауға тырысқан, алайда ойлағаны іске аспаған еді. Осы жолғы сәтті әрекеті Массачусетс штаты Фоксборо қаласындағы стадионда Monster Jam жарысы кезеңдерінің бірінде жасалды.
Мұның алдында Минтс Ист-Ратерфорд, Нью-Джерсидегі бәсекелерде көлігімен алға қарай сальтоны сәтті орындаған болатын. Видеоны
мына жерден көре аласыздар.