Кітапқа автордың тәуелсіздік тақырыбына жазылған «Қашқыр суыр» және «Азаттық аңсаған Сарыарқа» деп аталатын екі повесі еніп отыр. «Қашқыр суыр» повесінде желтоқсан көтерілісінен кейінгі жастардың қилы ғұмыры мен тұрлаулы тағдыры, рухани-адамгершілік қасиеттерінің ашылуы сипатталаса, «Азаттық аңсаған Сарыарқа» повесінде студенттердің астыртын құпия ұйымының іс-әрекеттері көрсетіледі.
Осыған орай ертең, 11 тамызда сағат 15.00 «Нұр Отан» ХДП-ның орталық аппаратында «Азаттық аңсаған Сарыарқа» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.