Кездесу барысында екіжақты, соның ішінде спорт саласындағы ынтымақтастықтың даму мәселелері талқыға салынды.
Ханзада VII қысқы Азия ойындарының іс-шараларына қатысу үшін Қазақстанға сапар жасауды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Иордания тарапынан ойындарда үш атлет тау шаңғысы мен фристайл спорты сайыстарына қатысады.
Соңғы жылдары Қазақстан мен Иордания арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастық нығаюда. 2010 жылдың ішінде иордандық командалар бокс, таэквондо, ауыр атлетика және регби секілді спорт түрлері бойынша Қазақстанда өткен әртүрлі жарыстарға қатысқаны белгілі.