Ә.Молдағұлованың туыстары генетикалық сараптама өткізуді талап етуде

Әлия Молдағұлованың сіңілісіӘліп Үсенова жазда батырдың жерленген жері табылғанда қатты қуанғанын айтады. Іздестіру тобы елге алып келген екі сүйектің сараптамасы жасалып, тездетіп Әлияның мәйіті анықталар деп үміттенген. Бірақ әзіргеДНК сараптамасы үшін қан сұрап, не зерттеу жұмыстарының қашан жүргізілетінін ешкім ашып айтпапты.

Әліп Үсенова, Ә. Молдағұлованың сіңілісі:

- Менің тілегім соның ДНК-сын тездетіп жасап, менің беретін қаным болса, әділдік болсын екі жақтан берсін. Тездетіп жасағанын менде тәуір көріп отырмын уақыт өткізбей. Білгенміз жақсы. Сосын өзінің тиесілі жеріне о кісінің жатқаны да жақсы.

Псков облысынан іздестіру тобы алып келген сүйек қазір Әлия Молдағұлова атындағы мұражайдың сейфінде сақтаулы. Жергілікті шенеуніктер қазынадан генетикалық сараптама үшін 1 миллион 400 мың теңге бөліп қойғанбыз деп ақталуда. Бірақ зерттеу жұмыстарының қайда және қашан жүргізілетіндігін өздері білмей отыр.

Назира Табылдинова, Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының бастығы:


- Сараптама үшін 1 миллион 400 мың теңге бөлінген. Бірақ қай институт зерттейтінін әлі қарастырып жатырмыз. Ресейлік мамандар ма, әлде еліміздегі жалғыз антропологтың көмегіне жүгінеміз ба, ол жағы белгісіз.

Естеріңізге салсақ, 28 адамнан жасақталған іздестіру тобыжаз бойы Ресейдің Псков облысындағы Әлия Молдағұлова жерленген жерде қазба жұмыстарын жүргізген болатын. Экспедиция мерт болған 173 сарбаздың сүйегін тауып қайта жерлеген. Жалпы ол қорымда бес жүзден астам жауынгер жатыр. Егер генетикалық сараптама қортындысы Әлияның сүйегін анықтай алмайтын болса қалған қаңқаларды да көтеруге туралы келеді.

Әлияның бауырлары ДНК – сараптамасы үшін алдын ала қан тапсырып қоюға әзір. Бірақ кімге жолығатындарын білмей дал. Олар мұражай сейфінде сақтаулы сүйектердің кімге тиесілі екенін анықтап, марқұмдарды арулап жерлеуді армандайды. Сондай-ақ сарапатама үшін бюджеттен бөлінген қаржы текке күйіп кетема деген қауіп те жоқ емес.