Амстердамға қонған ұшақтың шассиінен ер адамның денесі табылды

Ер адамның кім екені әзірге белгісіз. Ол Еуропаға жетпек болған босқындардың бірі болуы мүмкін.

Оқиға әуежайдың жұмысына кедергі келтірмеді. Полиция істің мән-жайын анықтауда.

Айта кетейік, биыл Еуропаға босқындар ағылып келуде. Соңғы 7 айдың ішінде Еуроодақ шекарасына 340 мың босқын өткен.