Ан-2 апатынан Әсем Шаяхметованың қалай тірі қалғаны айтылды

Сондықтан әзірше, болжамдар айтылуда. Ол ауа-райының қолайсыздығы, техникалық ақау және адами фактор. Бүгін  құлаған әуе кемесінің көлікке құятын бензинмен көкке көтерілген болуы мүмкін деген жорамал айтылды. Алайда, авиация комитеті елімізде тіркелген 115-ке жуық АН-2 ұшақтарына   автожанармай құюға рұқсат берілгенін мәлімдеді. Қазір тергеу жұмыстарына тәуелсіз сарапшылар ғана емес, зауыт өкілдері де тартылған. «Қазақмыс» компаниясының лауазымды 6 қызметкерінің өмірін жалмаған апаттан тек «Балқаш түсті меттің» бас геологы Әсем Шаяхметова тірі қалды. Періштесі қаққан қыз ұшақ құлап қақ бөлінгенде, артқы қанатта яғни есік аузында отырған. Сөтіп аман қалыпты. Ан-2 тұманнан адасты деген зардап шегуші қазір Астанадағы ауруханада жатыр. Тілге келіп есін жиған 29 жастағы Әсемге ертең тағы күрделі операция жасалмақ. Ал «Қазақмысқа» Ан-2-ні жалға берген Қарағандылық «Олимп эйр» компаниясына қатысты да тергеу жалғасуда.

Серік Мықтыбаев, ҚР Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары:

-Оқиға орнында болдым. Ұшақ қатты зақымданған. Оның барлық бөлiктерiн жинап, сараптамаға бердік. Қортындысының қашан дайын болатынын дөп басып айта алмаймыз. 

Loading...