Ана атануға дайындалып жүрген жұлдыздар кімдер?

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Қалауым live" жобасының жүргізушісі, әнші Аша Матай екінші рет ана атануға дайындалып жүр. Әншінің жары Арман Қоңырбаев екінші сәбилерінің осы айда дүниеге келетінін айтқан болатын.

39 жастағы Ділназ Ахмадиеваның да ана атануға дайындалып жүргені белгілі. Танымал әнші алғаш рет ана атануға дайындалып жүр. Әншінің көпшіліктен жасырып жүрген құпиясын жақында ғана Баян Алагөзова әлеуметтік желілердің бірінде хабарлаған еді.

Көпбалалы ана атанған Динара Сұлтан да алтыншы сәбиін өмірге әкелуге дайындалып жүр. Алтыншы рет ана атанғалы жүрген Динара Сұлтанды кейбірі құрмет тұтатынын айтса, ал кейбірі көп босанатынын айтып, өнерін қолға алу керек екенін айтқан болатын.

«КТА» ойындарымен танылған әзілкеш Мереке Қалыбаеваның да жақында ана атанатыны белгілі болған еді. Белгілі әзілкеш аяғының ауыр екеніне қарамастан "Екі жұлдыз" бағдарламасына қатысқан еді. Қалыбаева алғаш рет ана атану сезімін қайын жұртының ауыл Арал қаласында өткізетіні белгілі болды.