"Ана қыз тағы жүр": Танымал актер өзінен ақша сұраған қайыршы қыздың күмәнді оқиғасы туралы айтып берді


Ол бұл туралы желідегі оқырмандарына әңгімелеп берген, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы. 

"Ең қатты ішім ашып жүрегім ауырып кеткен кез Есентайда жүрсем бір қыз келеді. 11-12 жасар қазақтың қызы "Аға шоколад аласыз ба?" дейді. Ұлдарды көрсем олай жүрегім ауырмайтын. Қызды көргенде жүрегім ауырып кетті. "Не істеп жүрсің?" десем "Домбыраға ақша жинап жүрмін" дейді. "Мен қарындасыма 20 мың теңгеге домбыра алып бергенмін. Мен саған 20 мың теңге берейін. Сен бұлай жүрмеші. Қайтшы үйіңе" дедім. Қыз қуанып кетті. Астанаға шықпай тұрып тағы да бір мейрамханада жүрсем ана қыз тағы жүр. "Мен басқа домбыра алайын деп едім" деп құрастыра алмай қалды өтірігін. Өздері сондайға құмар болып бара ма? Әлде біреулер жібере ме? Түсінбей қалдым", - деген ол.