Пьесада жұмыс бабымен Мәскеуде тұрған екі қазақтың өмірі баяндалады. Тәуелсіздік алған соң ата-аналары елге көшіп кеткенде, Жолан мен Қайрат Ресейде қалып қойған. Оқиғаның желісі ағайындылардың кішісі «үйленемін» дегенде басталады. Екі жігіттің бөліске түсетін ортақ дүниелері- бір бөлмелі пәтер. Інісі ағасын өлтіріп, үйге өзі ие болмақшы. Ал ағасы болса інісі мен болашақ келін екеуінің арасына іріткі салады.
Асылхан Рәзиев, актер :
-Тамырдан үзген қазақ деп алсақ болады да, өзінің тамырынан былай айтқанда үзген қазақ десек болады, ешбір діні жоқ ұлты жоқ былай айтқанда тірпегі жоқ, тілі жоқ ең басты мәселе тілді білмейді, тек қана санай алады. Сондықтан бұл роль ауыр болды маған. Өте қиналдым.
Пьесаның авторы Мәскеуде тұратын қандасымыз Олжас Жанайдаров. Оның бұл еңбегі 2001 жылы Ресейде ең үздік туынды болып танылыпты. Көрермен тұрмақ, актерлардың өзі әрең қабылдайтын психологиялық драманы автор өмірден алған.
Тұрақ Дұрысбеков, актер:
-Бұл проблемалар, осы мәселелер қазіргі заманғы проблемалар ғой байқайсыздар ма, қазіргі болып жатқан, жастардың, қазір жастардың бәрі дәл осындай. Жастардың көбі дәл осындай дұрыс па?
Режиссер бұл туындыны сахналауға жас актерлерді тартқан. Ондағысы өскелең ұрпаққа осы кейіпкерлер арқылы ой салмақ болыпты.
Батырбек Шамбетов, режиссер:
-Пьесның айтайын деген ойы, біздің спектакліімздің айтайын деген ойы бұл не қазақ емес, не орыс емес адам болып қалған бір адамдар туралы, жастар туралы. Бұларды қоғам сондай қылған.
Екі сағатқа созылған қойылым көрерменнің көңілінен шыққан тәрізді. Айта кетерлігі, мұндай психологиялық драмалар соңғы кездері еліміздің сахналарында сирек қойылып жүр.