"Анам ұйғыр екеніңді айтпа деді": Мақпал Исабекова құпия жағдайды айтты

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы "Честно говоря" бағдарламысына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бағдарлама жүргізушісі Тимур Балымбетов сен бір сұхбатыңда "анам өзінің ұйғыр екенін айтпа деп айтты" деген болатынсың. "Өзім де, әкем де қазақ деп айт. Менің кесірімнен саған қандай да бір қиындық келгенін қаламаймын деп айтқан екен", деп әншінің құпиясын айтуын сұрады. 

Өнер жолына ең алғаш келген кезде анам ақылын айтқан. Ол өзінің ұйғыр екенін жасыруын өтінгені рас. Дегенмен, мен жасырғым келмеді дейді әнші.

"Алғаш Алматыдан барғанымда анама: "Мама! білесіз ба? Алматыда ұйғырларды жақтырмайды екен. Өзім Жаркент қаласында туып өскенмін. Ол жақта да әр түрлі ұлт өкілдері бар. Әрине, ұйғырлар өте көп. Маған ол кезде ұйғырлардың арасында болғандықтан, аса байқалмаған болатын. Бір сыныпта әр түрлі ұлттармен оқығанмын", деп ағынан жарылды әнші. 

Бірақ, әнші ешкімнен ештеңе жасырғысы келмейтіндігін, керегінше ашық айтатынын жеткізді.