"Анамның еміне": Көшеде 150 теңгеден бәліш сатып жүрген қыздың видеосы көпшіліктің көңілін босатты

Бәліш сатып жүрген қыздың әрекеті желі қолданушыларының көңілін босатқан сыңайлы, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.

Видео авторы бәліш сатып жүрген қызға бірнеше сұрақ қояды. Қыз анасы науқастанып жатқанын оның дәрісіне қаражат керектігін айтқан. Және "Үйде 7 қызбыз" деген ол бәліштерді әпкесі пісіріп беретінін айтады. Видео авторы қызға бәліші үшін 30 000 теңге береді. 

Желі қолданушылары "Анасы жазылып кетсін", "Талабына нұр жаусын" деген сынды тілектерін жеткізіп жатыр. 

Еске салайық, бұған дейін танымал актер
Еркебұлан Тоқтар
сауда орталығында өзіне шоколад сатып жасөспірім қыздың келгенін айтқан. Домбыра алуға ақша жинап жүрмін деген қызға бұлай жүрмеуін өтініп қажетті қаражатын бергенімен тағы бір мейрамханада шоколад сатып жүргенін көріп қалады. Содан актер кәмелетке толмаған балалардың мұндай әрекетінен күдіктене бастағанын жеткізген.