"Анамыз қайтқан клиника әлі де жұмыс істеп тұр": Пластикалық ота кезінде қаза болған блогердің өлімі туралы тағы бір шындық ашылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Марқұмның қызы анасы мерт болған клиника әлі де өз жұмысын тоқтатпағанын мәлімдеді.

"Менің анам 2026 жылдың 15 мамырында қайтыс болды. Липоксация бойынша, 1-2 сағатқа жалғасатын жоспарлы ота біздің отбасы үшін қасіретпен аяқталды. Қайғылы оқиға туралы маған тек 3 сағаттан кейін хабарланды.

Неге анам жалғыз қалды? Неге оның қазасы туралы уақытында айтылмады? Бәрі мен үшін мың сұрақ. Өкініштісі, клиника әлі де клиент қабылдап жатыр", - деп жазған ол.

Қазіргі таңда Алматы қаласы Бостандық ауданында қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Полиция тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.