Анар Айтжанова Лондонда Наоми Кэмпбелмен көрші болды

Британдық Daily Mail газетіне сілтеме жасаған басылымның атап өтуінше, ауқатты адамдар тұратын кешенде бір шаршы метрдің бағасы 100 мың АҚШ долларына жетеді. Анардың ендігі көршілері атақты модель Наоми Кэмпбелл, Катар елінің премьер-министрі, шейх Хамад бин Джабер әл-Тани және т.б. танымал адамдар. Наомиге пәтер сыйлаған ресейлік алпауыт Владислав Доронин пәтерді өз атына тіркеген екен. Сондай-ақ One Hyde Park тұрғын үй кешеніне Украинаның алпауыты, донецкілік «Шахтер» клубының қожайыны Ринат Ахметов та қоныстанды.

Ал Анар Айтжанова кім десеңіздер, айта кетейік: А.Айтжанова 2004 жылы теледидардан сапалы клиптерімен шығып, көрермендер жадында тез сақталып, танымал әншілер қатарына қосылған болатын. Жаңа жұлдыз үшін әндерді танымал композитор Еркеш Шәкеев жазып тұрды. Анар Айтжанованың еңбек жолы басталмай жатып үзілді. Сол жылы оның жұбайы, «ТұранӘлем» банкі басқармасының төрағасы қызметін атқарған Ержан Тәтішев аң аулау кезінде қаза болды.