Анар Жолдыбаева: «Алған білімімді жұмысыма енгізіп жатырмын»

«Бізге көршілес елдердің мамандары сабақ өтіп жатыр. Баланы оңалту, диагнозын анықтау секілді алған білімімді өзімнің қызметіме енгізіп жатырмын. Қазір мамандарды үйретіп, жұмысты ширатыпп, қай мақсатта, қай бағытта жұмыс істеп жатқанымыз жүйеленіп келеді. Әрбір маман білімін жетілдіріп отырса және жұмыстан нәтиже болса деймін, біздің мақсат сол», - дейді «Қамқорлық» орталығының жетекшісі Анар Жолдыбаева.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2019 жылдан бері іске асқан инклюзияны дамыту жөніндегі «Қамқорлық» жобасының маңызы зор. Бүгінге дейін 14 оңалту орталығы, 11 ерте араласу орталығы, аутизмі бар балаларға арналған 4 орталық пен 16 инклюзияны қолдау кабинеті ашылған. Бұл облыстық әкімдіктің қолдауымен «Қамқорлық қоры» КҚ жүзеге асырып отыр. Ал оңалту үшін жолдаманы ата-аналар тұрғылықты жері бойынша орналасқан емханадан ала алады.