Анара Камелинова: Тәртіп пен еңбек болмаса жетістік болмайды

Анараның жетістікке жетуі қиындықтарға толы болды. Бала кезінде ол бірнеше рет музыканы тастағысы келген. Алайда Анараның анасы - кәсіби музыкант, қызын дұрыс тәрбиелеп, оның қабілеті мен талантын әрі қарай дамыту керек екеніне сендіре алды, деп хабарлайды Caravan.kz Нұрсұлтан Назарбаев Қорына сілтеме жасап.

«Мен – Целиноград тумасымын, әкем – әскери қызметкер, ал анам педагогикалық университеттің музыка факультетін аккордеон сыныбы бойынша бітіріп, гуманитарлық колледжде 32 жыл ұстаздық етті. Мені 5,5 жасымда музыка мектебіне жіберді. Балабақшада түскі уақытта барлық балалар ұйықтап жатқан кезде, мені оятып, оқуыма барғаным әлі де есімде. Анам мен үшін фортепианоны таңдады, ал бізде ол кезде өз аспапымыз болған жоқ, өйткені бұл қымбат болатын. Мен анамның жұмысына барып, ол оқушыларға кеткен кезде, гамма кабинетінде айналысатынмын», – деп еске алады Анара Камелинова.

Анара Камелинова екі рет Алматыға келіп оқуға түсуге мүмкіндігі болған. Алдымен ол А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатына шақыру алған. Алайда жалғыз қыз ата-анасымен тұруы керек деп әжесі батасын бермеген. Екінші рет музыкалық колледжді бітіргеннен кейін, Алтай Қарпықұлы Құсайынов жас қызды Алматыдағы консерваторияға өз сыныбына шақырады. Қыздың бақытына орай, Астанада Музыка академиясы ашылып, оған Алматыдан мамандар шақырылған, сөйтіп ұстаздың өзі Анараға келген.

«Мен барлық ұстаздарыма алғыс айтамын. Менің музыка мектебінде, музыкалық колледжде, музыка академиясында тамаша ұстаздарым болды. Осындай мамандарды тапқаныма өте қуаныштымын. Мен бірінші ұстазым – Авдеева Ольга Ивановнаны қатты жақсы көремін. Ол мен үшін екінші анам сияқты, әлі де араласып тұрамыз, барлық концерттеріме келеді», – дейді Анара Камелинова.

Талантты қазақ қызының жетістікке жету жолы, күш-қуат пен шабытты қайдан алатынын, жастарға беретін кеңестері туралы толығырақ біздің бейнематериалымыздан көре аласыздар.