Анасы мазасын алған 4 жасар ұлына пышақ сұғып алды


Оқиға Омск қаласында болды. Бүлдіршін 9 айлық қарындасының басынан ұрып ойнай бастайды. Ол анасының тоқтауына көнбеген. Ашуланып кеткен анасы жеміс турап тұрған пышағымен ұлының ішіне сұғып алады. Бала емханаға жеткізіліп, дәрігерлер қарауында болды. Анасының әрекетіне қатысты қылмысты іс қозғалды.