Анасы жаялыққа қымтап бөлеп тастаған сәби шетінеп кетті

Оқиға орнына жедел жәрдем көрсетуші медиктер жеткен кезде тым кеш болды. Себебі ол соған дейін көз жұмған.

Осыған байланысты қытайлық дәрігерлер баланы тым көп көрпе-төсекке орап, қалың киіндіре берудің қажеті жоқтығын ескертті. Өйткені мұның бәрінен ағза қызуы көтеріліп, бала тұншыға бастайды. Жалпы мұндай жағдай қыста немесе көктем кезінде жиі болады екен. Әсіресе жасы екіге толмаған ер балаларға абай болу керек. Көбіне сәби ұйықтап жатып шетінеп кетуі мүмкін. Сондай-ақ тыныс жолдарына салқын тиіп ауырған бөбекті де қатты қымтау қауіпті. Баланың арқасына жатқызған жөн.

Ата-анасы сәбиге жұмсақ және кең киім кигізіп, кереуетке салған күйі қасына жатқызғаны дұрыс болады.