Caravan Logo

"Анасымен бірге тұрған": Павлодарда ер адам өз пәтерін өртеп жіберген

"Анасымен бірге тұрған": Павлодарда ер адам өз пәтерін өртеп жіберген

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 23 ақпанда сағат 18:30 шамасында Павлодар қаласының полициясына "ер адам пәтерді өртеп, 5-қабаттан секірді" деген хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Көрсетілген мекенжайға тергеу-жедел тобы жіберілді. Полиция пәтерде 36 жастағы ер адам анасымен бірге тұратынын анықтады. Ол мас күйінде пәтерді өртеп, 5-қабаттың терезесінен секірген. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ. Өрт сол жерде оқшауландыделінген хабарламада.



Жарақат алған ер адам ауруханаға жатқызылды. Істің мән-жайлары мен себептері тексеру барысында анықталып жатыр.