Аналық құқынан айырылған үш баланың шешесі Эльвира есімді әйел ішімдікке салынып, көше кезіп кеткен екен. Кейде ортаншы ұлының үйіне келіп, бір мезгіл ыстық тамақ жеп кетіп тұрыпты. Ұдайы мас болып келетін анасының кезекті жанжалына шыдамаған ұлы оны өлімші етіп сабап тастаған. Кейін шешесінің қимылсыз жатқанын көрген жігіт қылмысын жасыру үшін мәйітті есіктің алдындағы бақшаға апарып көмген. Қаңғыбас әйелдің жоғалғаны туралы жедел ақпарат алған тәртіп сақшылары күдіктінің үйіне келгенде, ол бірден қылмысын мойындап, анасын көмген жерді өзі көрсетті.