Анасын ұрып-соққаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды


Үйінде анасымен жанжалдасып, ұрып-соққаны үшін Шортанды ауданының тұрғыны Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 79-1 бабы бойынша, айыпты деп танылды. 

Сот отырысында анасын ұрғанын мойындады.

Сот қаулысымен ол осы жасаған құқықбұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзіміне әкімшілік қамауға алынды.