Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Желідегі парақшасында анасының аяғын жуып, сүртіп, сүйіп алған Ердос халқының ыстық ықыласына бөленді.
"Әлxамдулилләh . Біздерді жоқтан бар еткен Раббымызға сансыз мадақтар мен шүкірлер болсын. Жоқ едік,бар қылды. Бір тамшы судан жаратты. Қажетімізді сұратпай берген Раббыма сансыз мақтаулар болсын. Бүгін, "Дүние есігін аштым"- деп қуанып жатырмызғой, туған күнім деп. Бірақ,өздігімнен келе салмаппын бұл өмірге. Раббым🏻, Анашым Жаннатымды себепші етіп,дүниеге келуімді осы бір кішкентай жан арқылы қалаған екен. Бұл жан мені 9 ай 10 күн қиналып көтерді. Одан кейін 2 жыл емізді. Жыласам бірге жылады. Күлсем балаша қуанды. Құласам тұрғызды, ауырсам бар мейірімін төгіп емдеді. Түндерде ұйқы бермедім,ұйқысыз күндер өткізді. Елден қалдырмай киіндірсем деді,жұрттан қалдырмай оқытсам🎓 деді . Осы балам адам болса деді.Ешкімге қол жаймаса екен деді. Сөйтсем,айта берсем бұл жанның маған жасамаған жақсылығы қалмаған екен дә,субxаналла. Енді келіп,түк болмағандай бүгін менің туған күнім деп өзімді салып қоя салуыма болар еді. Бірақ,бірақ... Барлық құттықтауға лайық осы Жан екен. Мен үшін қаншама бейнет шекті. Ана екі қолы мен екі аяғы біздердің осы күнге жетуімізге не істемеді десеңізші.... Отынды шапты,малды да бақты,гектар огордты да шапты,жұмысына үлгерді. Әйел қырық жанды деген рас екен ғой субxаналла. Сол біздер үшін тілім-тілім болған аяғын мен сүймесем кім сүйеді? Өзі өмірге алып келген баласынан осындай жақсылық көре алмаса біздің кім болғанымыз.Мұсылмандығымыз қайсы? Өйткені..." Жәннәт-Ананың табанының астында"-деген Пайғамбарымыз с.а.с. Аналарымыз осы өмірдің есігі болса, Ақыретте жәннаттың есігі болады. Аналарымызды құрметтейік!!! Көп раxмет баршаңызға. Түған күнім құтты болсын!" деп жазды.