- Вы раскаиваетесь в том, что сделали?
- Нет!
- Почему?
- Потому что зло должно быть наказано злом.
Естеріңізге салсақ, осы жылдың басында жан түршігерлік қылмыстың беті ашылған болатын. Бірнеше жылдан бері «шизофрения» дертімен есепте тұрған азамат анасына ашуланып, оны бір жұма жертөледе қамап ұстаған. Артынша қатыгез ұлы шешесінің басын кесіп алып, қоқысқа лақтырып кеткен. Істі қараған арнайы сот қаныпезерді қылмыстық жазадан босатып, оны мәжбүрлеп емдеуге жөнелтті. Бір айтары, егер шипа қонып, денсаулығы жақсарса, қандықол жігіт қайта бостандыққа шығады екен.