Анатолий Цой: Мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алуға әбден лайықпын, ол үшін президентке хат жазам

Бұл туралы "Без фильтров" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Анатолий Цой Талдықорғанда туып-өсті. Қаладағы мәдениет сарайында бірнеше жыл қызмет етті.

"Маған әлі 24 жастасың, жассың, саған атақтың не керегі бар дегендер болды. Мен дәл осы атаққа өзімді әбден лайықпын деп ойлаймын. Себебі, осы салады қызмет еттім. Қаншама қайырымдылық концерттерге қатыстым. Тіпті осы үшін азаматтығымды өзгерткен жоқпын", - деді әнші.

Анатолий 7 жылдан бері Ресейде тұрып жатыр. Ол елдің азаматтығын алмаған. Себебі, алдымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алуым керек дейді.


"Мен керек болса, президентке дейін хат жазамын. Мен осы атаққа лайықпын. Бұл атақ ешнәрсе бермейді. Сонда да алуым керек. Ресейдің азаматтығын алу маған қиын емес. Бірақ маған ол керек емес", - деді Цой.

Айта кетейік, Анатолий "Гүлдер" ансамблінде де жұмыс істеген. Алайда атақты иеленуге бір жыл қалғанда қызметкен кеткен екен.