Анау-мынау азаматпен бас қосып, оның ығына жығылатын жастан өтіп кеттім - Айгүл Иманбаева

Әнші Айгүл Иманбаева Qazaqstan арнасының "Бақытты әйел" бағдарламасында тұрмысқа шығуға ниетті екенін білдірді, деп жазады Today.kz.

"Тоқалдық деген нәрсеге қарсымын. Жасы үлкен, кәрі азаматқа шығуға тағы қарсымын. Егер тұрмысқа шықсам, ел-жұрт біліп, жөнімен, ретімен шығамын. Біреудің екінші әйелінен қашып, тығылып өмір сүру менің табиғатыма келмейді. Бұндай өмір сүрмейтінімді үзілді-кесілді айта аламын. Одан да жалғыз жүргенім жақсы", – деді Айгүл. 

Әнші өзінің ер азаматқа қоятын талабының жоғары екенін жеткізді. 

"Осы бір жылдан қалмаймын-ау шамасы. Қасыңдағы азаматтың жүрегінің түгі болуы керек. Анау-мынау азаматпен бас қосып, оның ығына жығылатын жастан өтіп кеттік. Ішкі мәдениет жоғары болуы керек. Етек-жеңнің аясында қалмаған, рухы мықты азамат болуы керек. Оған екінің бірі шыдай алмайды, бірден сыр береді", – деді Айгүл Иманбаева. 


Оқи отырыңыз:

Айгүл Иманбаева: "Мен Алтынайға әйел бақытын тілеймін!"

Шымкенттік күйеуден Құдай сақтасын – Баян Алагөзова