Әндіжанда қаза тапқандарды жерлеу рәсімі одан әрі жалғасуда

Қаза тапқандардың нақты саны туралы ресми ақпарат әлі белгісіз. Ал бейресми мәліметтерге сәйкес, 300-500 адам қаза тапқан. Әндіжанның көптеген тұрғындары туыстарының мәйіттерін таба алмай әлекке түсуде.

Кеше, 15-мамырда Әндіжанда шерулер мүлдем доғарылды. Билік Ферғана аңғарында орналасқан Өзбекстанның барлық облыстарындағы мемлекеттік мекемелерді қорғауға шаралар қолданып жатыр. Жағдайды жергілікті билік толық өз бақылауына алды.