Андрей Голубев Малайзиядағы АТР сериясы турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық Андрей Голубев екінші айналымда екі сетта 6:4, 7:6 есебімен ОАР өкілі Кевин Андерсонды жеңді.

Жарыстардың ширек финалында Голубев турнирдің бірінші ракеткасы швед Робин Сёдерлингпен немесе француз спортшысы Эдуард Роже-Васселенмен ойнауы мүмкін.