Полицияның деректеріне сүйенсек, бетперде киген үш ер адам шағын жүк көлігімен Алтын безгек уақытының қазыналары сақталған қоймаға баса-көктей кірген.
Оқиға жергілікті уақыт 02:30-да орын алды. Дер кезінде келген мұражайдың күзетшісі жақын жерде күтіп тұрған басқа көлікпен бой тасалаған ұрыларға қарсы тұра алмады.
Ұрланған үлгілердің ішінде Калифорния аумағынан XIX ғасырда табылған алтын да бар екені анықталды.
Атақты мұражай жәдігерлерінің ішінде - алтын өндіретін аспаптар, киім-кешек, аяқ киім, сом алтындар және т.б. бар.
Әзірге полиция қылмыскерлердің ізіне түсе алмай отыр, мұражай уақытша жабылды, деп хабарлайды ТАСС.