Англия соты И.Храпуновқа қатысты активтерді қамауға алу туралы бұйрықты растады

Англияның Жоғарғы соты Мұхтар Әблязовтың күйеу баласы Ильяс Храпуновқа қатысты активтерді пайдалануға тыйым салу туралы алдында қабылданған аралық сот бұйрығын растады, деп хабарлады БТА Банктің баспасөз қызметінен.


Хабарламаға қарағанда, БТА Банк ағылшын сотында банктің Храпуновқа қойып отырған қуынымдарының  негізді екендігін көрсетті және ағылшын сотының бұл қуынымдарды қарауға құзыреті бар. Банктің пікірінше ағылшын сотының мұндай қуынымды мойындауы И.Храпуновты жауапқа тартуға ықпал етпек.
Алматы экс-әкімі Виктор Храпуновтың ұлы И.Храпунов халықаралық іздеуге берілген , оған ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған басшылық етті деген айып тағылған.