«Аңыз адам» журналының бас редакторына айыппұл салынды

Алматы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы атынан түскен шағымға сүйенсек, «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам» және «Жұлдыз-жорамал» журналдарын тексеру барысында аталған басылымдарды басып шығарған баспахана, оның және редакцияның мекен-жайына қатысты мәліметтерден қате табылған.

Тексеру нәтижесі бойынша Ж.Қалыбайға тиесілі үш басылым 120 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды.


1 АЕК 1852 теңгеге тең.

Процестен кейін журналистің өзі сот үкімімен келіспейтінін және мұның саяси астары бар деп есептейтінін жеткізді.