Ә.Ниязымбетов ширек финалда ирандық боксшыға қарсы шығады

Ол 1/4 финалда колумбиялық- Джейсон Варелла Монройдан басым түскен ирандық Эхсан Роузбаханимен жұдырықтасады.

Айта кетейік, 1/8 финалда біздің спортшыға қарсы шыққан эквадорлық Карлос Гонгора Меркадо еш қауқар көрсете алмады. Шаршы алаңның шаңын шығарған Әділбек қарсыласынан 13:5 есебімен басым түсті.