Анкарада Астана процесінің кепіл мемлекеттері бас қосады


Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Бесінші кездесуге алғашқылардың бірі болып Иран президенті Хасан Роухани келді. Сондай-ақ Режеп Тайып Ердоғанмен сириялық мәселелерден бөлек әскери-техникалық серіктестікті талқылау үшін Ресей Президенті Владимир Путин сапарлайды. Үш жақты кездесудің басты тақырыбы – қыркүйекте іске қосылатын Сириядағы конституциялық комитет жұмысын талқылау. Сондай-ақ тараптар басым бөлігі «Әл-Кайда» бақылауындағы Идлиб елді мекені бойыша пікір алмасады. Мұнда тамызда жарияланған оқ ашпау мәселесіне қарамастан жағдай ушығып тұр.