Анкарада Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 20 жылдығына арналған сурет көрмелері ашылды

«Хажеттепе» университетінің үлкен көркемөнер галереясында және «Панорада» келушілердің назарына екіжақты ынтымақтастықтың негізгі кезеңдерінен, Астана, Алматы қалаларының көрікті жерлері, мәдени және тарихи ескерткіштер, Қазақстанның қайталанбайтын және бірегей табиғаты мен жануарлар дүниесінен көрініс беретін 80-нен астам фотосурет ұсынылды.

Экспозицияға қойылған жұмыстар келушілердің, әсіресе Астана қаласының әдемі көріністері зор қызығушылығын туғызды.