Анкарада «Қазақстандық музыка кеші» өтті

Іс-шараға «ТРТ-Аваз» телеарнасының басшысы Юксел Дегержан, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі қызметкерлері, Анкара дипломатиялық корпусы мен анкаралық мәдени элитаның өкілдері, қоғамдық-саяси қайраткерлер, ТР Парламенті депутаттары, қазақ диаспорасы мен студенттер, сондай-ақ түрік бас қаласының мәдениет әуесқойлары қатысты.

«Бауырлас Қазақстан шеберлерінің концерті бізді қайран қалдырды. Қазақ музыкасында біз өзімізге жақын келетін түркі әуендерінің лебізін тыңдай алдық. Біз қазақ-түрік қарым-қатынастарының мәдени-гуманитарлық саласы бойынша да белсенді дамып келе жатқанына қуаныштымыз», - деп, «ТРТ-Аваз» телеарнасының басшысы Юксел Дегержан өз пікірін білдірді.

Концерт Түркиямен қоса, Еуропаның, Таяу Шығыс, Орталық Азия және Қазақстан сияқты өңірлерінің 50 шақты елінде тікелей эфирде көрсетілді.